Қамтамасыз етілмеген несиелерді сыртқы қайта қаржыландыру
Көбірек алыңыз! Аз төлеңіз!
Несиелеудің неғұрлым қолайлы шарттарына байланысты несие ауыртпалығын төмендету және қосымша несие сомасын алу мүмкіндігі.
7 000 000 теңге дейін 60 айға мерзімге.
Кредит берудің шарттары
Кредиттеу валютасы | теңге |
Кредиттеу сомасы | 150 000 теңгеден 7 000 000 теңгеге дейін |
Кредиттеу мерзімі | 12 айдан 60 айға дейін |
Қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия | 5 000 теңгеден |
Қарыз алу туралы өтінішті және құжаттарды қарау үшін комиссия | 0 теңге |
Өтініш беруге арналған құжаттар тізімі | Жеке куәлік** |
Өтінімді қарау мерзімі | 15 минуттан |
Комиссиялармен кредиттеу шарттары
Сыйақы мөлшерлемесі (жылдығы) | 20,8%-дан бастап 25,0%-ға дейін* |
* сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі — жылдығы 22,9%-дан бастап 41,8%-ға дейін.
Комиссияларсыз кредиттеу шарттары
Сыйақы мөлшерлемесі (жылдығы) | жылдық 37,5%** |
** сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі — жылдық 44,6%.
Ескерту: сыйақы мөлшерлемелері «Нұрбанк» АҚ Активтер мен пассивтерді басқару комитетінің шешімімен бекітілген (22.11.2024 ж. №147-1 хаттама).
Қарыз алушыларға қойылатын талаптар
Мақсатты топ | ҚР азаматтары |
Қарыз берілетін кездегі жас | 21 жастан бастап зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін |
Қарыз алушының жалпы жұмыс өтілі | 6 айдан кем емес |
** Банк қосымша құжаттарды сұратуға құқылы.
Банктік қарыз келісімшарты бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда «Нұрбанк» АҚ-ның құқықтары мен жеке тұлға-қарыз алушының жауапкершілігі туралы хабарлама
Қарыз алушы Келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған және (немесе) лайықты орындамаған кезде Банк келесілерге құқылы:
- тұрақсыздық айыппұл (айыппұл, өсімақы) есептеуге
- қарыз алушының банктік шоттарында тұрған ақшаға өндіріп алу айналысын жүргізуге
- сотқа дейін өндіру және реттеу үшін берешекті коллекторлық агенттіктерге беруге
- талап арызбен сотқа және банктің ішкі құжаттарында қарастырылған басқа мәліметтерге жүгінуге құқылы екенін ескертеді
Толығырақ оқу
Егер қарыз алушы жеке тұлға болса, оның банктік қарыз келісімшарты (бұдан әрі — Келісімшарт) бойынша міндеттемені орындауды кешіктірген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Банкке келуге және (немесе)) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Банктер туралы Заң) 36-бабының 1-1-тармағына сәйкес жазбаша түрде немесе Келісімшартта қарастырылған тәртіппен Келісімшарт бойынша міндеттемені орындауды кешіктіру себептері, кірістер және оның талаптарын өзгерту туралы өтінішін айқындайтын басқа да расталған жағдайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын өтінішті беруге міндетті.
Бұл ретте Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында қарастырылған қарыз алушы — жеке тұлғаның өтiнiшiн алған күннен кейiн он бес күнтiзбелiк күн iшiнде Банк қарыз алушы — жеке тұлға Келісімшарттың шарттарына жасауға ұсынған өзгерiстердi қарайды және жазбаша түрде немесе Келісімшарт та көзделген әдіспен қарыз алушы — жеке тұлғаға келесілерді хабарлайды:
1) Келісімшарт шарттарына енгізуге ұсынылған өзгертулермен келісетін;
2) Келісімшарт шарттарын өзгертуге қатысты өз ұсыныстарын;
3) бас тарту себептерінің уәждемелі негіздерін көрсете отырып, Келісімшарт шарттарын өзгертуден бас тартатынын.
Банктен Келісімшарт шарттарын өзгертуден бас тартатыны туралы шешімін алған жағдайда немесе Келісімшарт шарттарын өзгертуге байланысты өзара қолайлы шешімге қол жеткізе алмаған жағдайда, қарыз алушы — жеке тұлға Банктің шешімін алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Банктің шешімі бойынша Банкті бір мезгілде хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы.
Қарыз алушы Банк туралы заңның 36-бабының 2-тармағына сәйкес Келісімшарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімі өткен берешекті жүзеге асыру қажеттілігі туралы Банктің талабын қанағаттандырмаған жағдайда, Банк Банктер туралы заңда көзделген шектеулерді ескере отырып, даусыз тәртіпте, оның ішінде қарыз алушының банктік шоттарында төлем талаптарын қою арқылы, ақшаны даусыз өндіріп алуға (егер мұндай өндіріп алу Келісімшартта қарастырылса) құқылы.
Қарыз алушы Келісімшарт бойынша төлемдерді, оның ішінде мерзімі кешіктірілген берешекті жүзеге асыру қажеттілігі туралы Банктің талаптарын қанағаттандырмаған, сондай-ақ қарыз алушы — жеке тұлға Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағында қарастырылған құқықтарды жүзеге асырмаған немесе қарыз алушы — жеке тұлға мен Банк арасында Келісімшарт шарттарын өзгертуге қатысты келісім болмаған жағдайларда, Банк Банктер туралы заңның 36-бабының 2-1-тармағына сәйкес қарыз алушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Келісімшартта қарастырылған шараларды қолдануға, осыларды қоса, бірақ онымен шектелмей, берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беруге (егер Келісімшарт бойынша мұндай құқық Банкте болса), Банк туралы заңның 36-1-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғаға Келісімшарт бойынша талап ету құқығын (талапты) шегінуге, Келісімшарт бойынша берешек соманы өндіріп алу туралы талап-арызымен сотқа жүгінуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» Заңында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, кепiлге қойылған мүлiкке соттан тыс тәртiппен немесе сот тәртiбiмен өндiрiп алуға құқылы.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
Кредит жөніндегі кеңес алуға өтінім
* Барлық алаң толтырылуы тиіс
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)