800
Звонки из Алматы:
Тел: 244-44-44
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Visa Business / MasterCard Corporate

Іскери адамдарға арналған корпоративтік өнім.

«Нұрбанк» АҚ-ның Visa Business/MasterCard Corporate корпоративтік карточкасы:

Заңды тұлғаларға және мемлекеттік мекемелерге — «Нұрбанк» АҚ-ның жалақылық жобасына қатысушыларға, Банктің корпоративтік клиенттеріне арналған.

«Нұрбанк» АҚ-ның Visa Business/MasterCard Corporate корпоративтік карточкасын қалай алуға болады?

Заңды тұлғаның корпоративтік карточкасын шығару туралы құжатта көрсетілген сенім артылған тұлғасы (Ұйымның жұмыскері) ғана «Нұрбанк» АҚ-ның Visa Business/MasterCard Corporate корпоративтік карточкасын ұстаушысы болуы мүмкін. Visa Business/MasterCard Corporate корпоративтік төлем карточкасының ұстаушылар саны мен тізімін Ұйымның басшылығы белгілейді, Банк ұстаушылар саны мен тізіміне шектеу қоймайды. 

Негізгі артықшылықтары:

  • жұмыскерлердің іссапарға баруына байланысты шығыстарын ҚР аумағында – теңгемен, шетелге шығатын іссапар бойынша – шетел валютасында қолма-қол ақшасыз төлемдер;
  • заңды тұлғаның негізгі қызметіне байланысты қолма-қол ақшасыз операциялар – ҚР аумағында теңгемен жүзеге асырылады;
  • Кеден бекеттерінде орнатылған POS-терминалдар арқылы қолма-қол ақшасыз кедендік төлемдер;
  • ҚР аумағында – теңгемен және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде – шетел валютасымен өкілдік сипаттағы шығындарды қолма-қол ақшасыз төлемдер;
  • заңды тұлғаның ҚР аумағындағы шаруашылық қызметіне байланысты ҚР аумағында есептесулер үшін қолма-қол қаражаттарды теңгемен алу, сондай-ақ жұмыскерлердің ҚР аумағындағы іссапарларына байланысты шығыстарды төлеу;
  •  Шетелдік іссапарлар бойынша шығыстарды төлеу үшін ҚР аумағынан тыс жерлерде шетел валютасын қолма-қол алу. 

 Төлем карточкаларын қолдану ережелері (.pdf)