800
Звонки из Алматы:
Тел: 244-44-44
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

17

нау

2017

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Нұрбанк» АҚ өзінің Алматы қ., Абай даңғылы, 10 В мекенжайында орналасқан «Нұрбанк» АҚ-ның ғимаратында, 3 қабат, 310 концеренц-залында 2017 жылдың 06 cәуірінде сағат 14-30-да өтетін көшіргі-көбейткіш техникасына арналған шығыс материалдарын жеткізушісін және көшіргі-көбейткіш техникасына «Нұрбанк» АҚ-да қызмет көрсететін жеткізушіні таңдау тендеріне қатысуға әлеуетті жеткізушілерді шақырады.

Өткізілетін тендердің түрі: ашық.

Тендердің басталуы: 2017 жылдың 06 cәуірінде сағат 14-30-да Алматы қ., Абай даңғылы, 10 В мекенжайында орналасқан «Нұрбанк» АҚ ғимаратының 3 қабатындағы үлкен мәжіліс залында өтеді;

Ұсыныстарды қабылдау: 2017 жылдың 04 cәуіріне дейін күнгі сағат 12:00-ге дейін, Абай даңғ., 10 В мекенжайында №204 кабинет, кеңседе қабылданады;
        
Тендерге №2 Қосымшада көрсетілген талаптарға сай келетін әлеуетті жеткізушілер қатыса алады.

Техникалық айрықшамалары №1 Қосымшада көрсетілген.

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1 топтама: Заңдық құжаттама

1) Осы қазақ немесе орыс тілдеріндегі хаттың № 2 Қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша рәсімделген тендерге қатысу өтінімі;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу куәліктерінің (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есепке алынғаны туралы куәлік,) нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) Мемлекет белгілі бір қызметпен шуғылдануға берген (егер сатып алынатын тауар/жұмыс/қызметке лицензия алу керек болса) лицензиясының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы керек);
4) Жеткізушінің өкілі – уәкілетті тұлғаның жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) Жеткізушінің тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға берген сенімхаты; 

2 топтама: Қаржылық құжаттама

1) баға ұсыныстары;
2)  заңсыз жолмен тапқан табысын заңдастыруға (ақшаның ізін жасыру) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет ету мақсатында «Нұрбанк» АҚ-нің ішкі бақылау тәртібіне сәйкес толтырылған  заңды тұлғаның сауалнамасы;
3) үміткердің банктік деректемелерін және оған қызмет көрсетуші Банк алдында берешегінің жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;
4) заңды тұлғаның мөрімен расталған заңды тұлғаның бір жылғы қаржылық есептемесі, жеке кәсіпкерлер үшін мөрі болған жағдайда мөрмен расталған салық декларациясы;
5) жеткізуші тіркелген жергілікті Салық комитетінен алынған салық бойынша берешегі жоқ деген анықтаманың түпнұсқасы;
6) жеткізушімен бұдан бұрын әріптес болған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің міндеттемелерді толық және уақытылы орындауын және басқаларын (болған жағдайда) қоса ынтымақтастық тәжірибесіне берген бағасы мен сипаттамасы қамтылған ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері;
7) материалдық-техникалық базасының болуы (болған жағдайда) туралы мәлімет;
8) үміткер ЭСА-да (болған жағдайда) тіркеуге алынғаны туралы мәліметтің болуы;
9) Өткізілетін Тендердің алдындағы 2 (екі) жылдың Корпоративтік табыс салығы декларациясының көшірмесі. Алдынғы екі жылда салық есебінде шығын болған кезде қатысушыға ол ұсынған тауар/қызметтердің (халықаралық іскерлік операциялардың мәні болып табылатын сатып алынатын тауар/жұмыс/қызметтер бойынша) бағаларының негіздемесін беру қажет.

3 топтама: Өзге құжаттама

1) техникалық айырықшамалары, картриджтерді толтыру бойынша қызмет көрсету, жеткізу шарттары, мерзімі.
2) әлеуетті жеткізушінің Техникалық айырықшаманың «Келісімшарттың қосымша талаптары» шарттарын орындауға берген Келісімі;
3) Бар болса, Қазақстан Республикасы аумағында сәтті іске асырылған ірі жобалары бойынша ұсынымдарды беруге;
4) Тендерлік өтінімді дайындау және беруге байланысты барлық шығыстарды әлеуетті жеткізуші өзі өтейді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендерді өткізу сипаттамасы мен нәтижелеріне қарамастан ол шығыстар бойынша жауапты және міндетті емес.

Өз жағымыздан айтарымыз, Банктің Тендер комиссиясы тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға қатысты ақпаратты қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге не болмаса тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға ресми қатыспайтын кез келген тұлғаға ашуға құқылы емес.
«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілірге тендер өткізілмейтіні, өткізілітен жаңа күнін көрсете отырып, тендер басқа күнге аударылғаны туралы хабарлай отырып, тендерді кейінге қалдыруға немесе өткізуден бас тартуға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін тендерлік өтінімді беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер қызметтерді әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе, егер уәкілетті тұлғасы тендерге қатыса алмаса, оның қатысуынсыз өтеді.

Байланыс орнататын тұлғалар:

Құжаттаманы түзу сұрақтарымен
Тел.+7 (727) 2599 710 ішкі 4624 телефоны бойынша немесе arakhmetullayev@nurbank.kz бойынша Рахметуллаев Айдос Алматұлына
хабарласу қажет.

Өзге құжаттама мен техникалық тапсырманы түзу сұрақтарымен
Тел.+7 (727) 250 00 00 ішкі 4661  бойынша немесе sgazymzhanov@nurbank.kz бойынша Ғазымжанов Сейтжан Тлешұлына
хабарласу қажет.

Қосымшалар:

№1 Қосымша Техникалық айрықшама (.docx)

№2 Қосымша Таңдау өлшемі (.xls)

№3 Қосымша Сауалнама (.doc)

№4 Қосымша Өтінім (.doc)