«Нұрбанк» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын көшіру туралы хабарлама
«Нұрбанк» акционерлік қоғамы (мемлекеттiк қайта тіркеу туралы № 3868-1900-АО куәлік 2004 ж. 9 қарашада берілген), (бұдан әрі — Қоғам), орналасқан мекенжайы; Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 168 «Б», 2010 жылы 17-наурызда «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мәжілісінде қабылданған шешімге сәйкес, Сіздерге Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі қарай — Жиналыс) 2010 жылдың 29-сәуіріне көшірілгені туралы хабарлайды. Жиналыс 2010 жылы 29-сәуірде сәуірде сағат 10.00-да Алматы қ., Абылайхан д-лы, 51–53 мекен-жайында орналасқан «Нұрбанк» АҚ-ң ғимаратында болады. Қатысушыларды тіркеу сағат 9.00-да басталады.
Акционерлердің Жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2010 жылғы 25- наурыздағы жағдайы бойынша түзіледі.
Күн тәртібі:
- 2010 жылға «Нұрбанк» АҚ-ның аудиторлық ұйымын және топтың (банк кангломератының) шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін анықтау.
- 2009 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрбанк» АҚ-ның жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
- 2009 жылға «Нұрбанк» АҚ-ның таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2009 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрбанк» АҚ-ның жай акциясына есебінде дивиденд мөлшерін бекіту.
- Акционерлердің «Нұрбанк» АҚ-ның, оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жүгінулері және оларды қарастырудың қорытындысы туралы.
- Директорлар кеңесінің және «Нұрбанк» АҚ-ның Басқармасының мүшелеріне сыйақы мөлшері және құрамы туралы.
Бірінші Жиналыста жиналым болмаған жағдайда, акционерлердің қайталама Жиналысы 2010 жылғы 30 сәуірде көрсетілген мекен-жайда сол уақытта өткізіледі.
Жиналыс өткізу мәселелері бойынша, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қажетті, ақпаратты (материалдарды) Алматы қ., Абылайхан д-лы, 51–53 мекен-жайында орналасқан «Нұрбанк» АҚ-ның офисіне 255-91-49 телефоны (Корпоративный секретарь Исламова Саера) арқылы хабарласуға болады.