«Нұрбанк» АҚ-тың құрметті Клиенттері!
«Нұрбанк» АҚ-ы Сіздерге, Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтарындағы № 223-ІІІ «Сәйкестендірме нөмірлердің ұлттық тізілімдері туралы» Заңының 3-бабының 4 және 5 тармақтары күшіне енгізілумен байланысты, Банк жеке тұлғалардың Жеке Сәйкестендірме Нөмірлері (бұдан әрі мәтін бойынша — ЖСН) және Бизнес Сәйкестендірме Нөмірлері (бұдан әрі мәтін бойынша — БСН) туралы, ақпаратты жинау және Банк клиенттерінің құжаттамаларына енгізу жұмыстарын жүргізіп жатқаны жайында хабарлайды.
Қазақстан Республикасында 2010 жылдың 13 тамызынан бастап банктік шоттар ашу, төлемдер мен, ақша аударымдарын жасау кезінде, соның ішінде, міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарын есептеу кезінде, сондай-ақ, салықтық міндеттемелерді орындау кезінде тек ЖСН/БСН қолданылатын болады және СТТН мен ӘЖК қолданылуы тоқтатылады.
Сіздің құжаттамаңызға мәліметтер енгізу үшін ЖСН/БСН болуын растайтын құжатты Банкке әкелуіңізді және Банк шоты/салымы келісімшартына Қосымша келісімге қол қоюыңызды Сізден сұраймыз.
Егер жеке тұлғаның, Жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың немесе қорғаушының ЖСН-і болмаған жағдайда, Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттарды ауыстыруға өтініш жазу қажет;
Бірлескен жеке кәсіпкерлік түрінде қызмет жасайтын жеке кәсіпкерлердің ЖК © және заңды тұлғалардың БСН-і болмаған жағдайда, жаңа тіркеу куәлігін алу үшін тіркеуші органдарға жүгіну қажет.
Сұрақтар туындаған жағдайда Банк қызметін көрсету орталығына немесе Банк филиалына өзіңіздің шотыңыздың менеджеріне хабарласуыңызды сұраймыз.
Өзіңізбен бірге тұлғаны куәландырушы құжат және мөр (өз қолын мөрмен куәландыратын Клиенттер үшін) болу қажет.
Төлемдер мен, ақша аударымдарын тиімді жүргізу мақсатында «Нұрбанк» АҚ Сіздерге өздеріңіздің Қазақстандағы және шет елдегі іскерлік әріптестеріңізге жаңа деректемелерді және олардың әрекет етуінің басталу мерзімдерін хабарлауыңызға, және Сіздердің Қазақстан Республикасындағы әріптестерңіздің жаңа банктік деректемелерін біліп алуға ұсынады.
Қосымша, ақпарат алу үшін Сіз «Нұрбанк» АҚ-ң Байланыс орталығына cc@nurbank.kz және мына телефондар арқылы хабарласа аласыз:
8 (727) 250-00-00
8 (727) 244-44-44 Алматы қ. тұрғындары үшін
8 8000 800 900 Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары үшін
Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін