Рус
Eng

«Нұрбанк» АҚ -ның құрметті Клиенттері!

15 февраля

«Нұрбанк» АҚ -ның құрметті Клиенттері!

2010 жылдың 7 маусымынан бастап Қазақстан Республикасында ISO 9362, ISO 13616 халықаралық стандарттарына негізделген, банктердің жаңа банктік сәйкестендірме кодтары BIC (Bank Identifier Code) және Клиенттердің банктік шоттарының жаңа нөмірлері IBAN (International Bank Account Number) қолданылатынын сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген «Нұрбанк» АҚ-ң БСК 190501849 орнына «Нұрбанк» АҚ-на ISO 9362 стандартына сәйкес берілген жаңа BIC  NURSKZKX қолданылатын болады.

Банктік деректемелердің жаңа стандартына ауысу Қазақстанның төлем жүйелерінде банктер мен олардың клиенттерін сәкестендіру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар, халықаралық төлемдердің өңделуін біршама тездетеді.

Клиенттердің банктік шоттарының нөмірлерінің IBAN стандарты бойынша құрылымы Стандарттау Халықаралық Ұйымымен және Банктік стандарттардың Европалық комитетімен әзірленген. Қазірге кезде IBAN, Европалық одақ мемлекеттерін, олардың территорияларын және басқа мемлекеттерді қосқанда, 45-тен артық мемлекетте қолданылып жүр.

Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай банктік деректемелерді енгізу жұмысына банктер, банктік операциялардың жеке түрлерін іске асыратын ұйымдар, Қазақстанның Қаржыгерлер Қауымдастығы және Қазақстанның Ұлттық Банкі тартылды.

«Нұрбанк» АҚ-ң IBAN құрылымы, Қазақстанның басқа Банктеріндегідей, 20 әріптік-сандық таңбаларынан құралған және көрінісі келесідей болып келеді:
K Z CC ББ Б Х Х Х Х Х Х ХХ Х Х Х Х Х
K Z Қазақстан коды
СC бақылау разряды
Б Б Б банктің сандық коды
ХХ банк филиалының сандық коды
ХХ шот ашылған валютаның атауы
Х Х Х Х ХХХХХ Сіздің қолданыстағы шотыңыздың нөмірі

IBAN-ды қағаз тасығыштарынан көшіру және оқу ыңғайлылығы үшін IBAN арасы бөлінген 4 таңбалы топтармен жазылады. Мысалы: KZ15 998U S000 0000 3378.

Электронды формадағы төлем және басқа құжаттарды толтыру кезінде IBAN таңбалары үздіксіз тізбектілік түрінде келтіріледі.

Мысалы: KZ15998US00000003378.
«Нұрбанк» АҚ жаңа банктік деректемелерді пайдалануға ауысуы кезінде, банктік шоттың қолданыстағы нөмірі автоматты түрде жаңа IBAN стандартына ауысады, яғни, тек қана шот нөмірі өзгереді, сонда қолданыстағы шот жабылмайды және банктік шот бойынша қозғалыстар тарихы сақталады.

IBAN құрылымы бойынша Банктік шоттың жаңа нөмірін алу үшін Сізге 2010 жылдың 7 маусымына дейінгі мерзімде Банк қызметін көрсету орталығына немесе Банк филиалына өзіңіздің шотыңыздың менеджеріне хабарласып, Банк шоты /салымы келісімшартына Қосымша келісімге қол қою қажет.

Өзіңізбен бірге тұлғаны куәландырушы құжат және мөр (өз қолын мөрмен куәландыратын Клиенттер үшін) болу қажет.

Төлемдер мен, ақша аударымдарын тиімді жүргізу мақсатында «Нұрбанк» АҚ Сіздерге өздеріңіздің Қазақстандағы және шет елдегі іскерлік әріптестеріңізге жаңа деректемелерді және олардың әрекет етуінің басталу мерзімдерін хабарлауыңызға, және Сіздердің Қазақстан Республикасындағы әріптестеріңіздің жаңа банктік деректемелерін біліп алуға ұсынады.

2010 жылдың 7 маусымынан бастап Қазақстан аумағында және шет елге төлем жасау және, ақша аудару кезінде тек қана халықаралық стандарттарға сай (IBAN және BIC) жаңа банктік деректемелерді көрсету қажет.
Қосымша, ақпарат алу үшін Сіз «Нұрбанк» АҚ-ң Байланыс орталығына cc@nurbank.kz және мына телефондар арқылы хабарласа аласыз:
8 (727) 250-00-00
8 (727) 244-44-44 Алматы қ. тұрғындары үшін
8 8000 800 900 Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары үшін
Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін